Президент: Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды.
«Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды.Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды»,- деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Фото: cdnuploads.aa.com.tr