Президенттікке бұрынғы кандидат Мәжілістің вице-спикері болды

Мәжілістің жаңадан сайланған төрағасы Ерлан Қошанов өз орынбасарларының кандидатурасын ұсынды.

Орынбасарлардың бірі болып "Ақ жол" партиясынан депутат Дания Еспаева сайланды.

Ашық дауыс беру кезінде Мәжіліс депутаттары ұсынылған кандидатураны көпшілік дауыспен қолдады.

Еспаева Дания Мәдиқызы, 1961 жылы туған, қаржыгер, VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, 2019 жылғы сайлауда президенттікке кандидат. Депутаттық қызметке дейін 1982 жылдан бастап банк жүйесінде жұмыс істеген, банктердегі жалпы еңбек өтілі 34 жыл, оның 17 жылы басшылық қызметтерде болған.


Дереккөз: tengrinews.kz

Фото: vlast.kz