Көлік салығын төлеп үлгердіңіз бе?

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға ескерту жасады. Салық берешегін уақытылы өтемеген борышкерлердің мүлкі мен банк шоттары бұғатталып, елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

Елімізде ресми тіркелген 4 миллионнан астам көлік бар.


Фото: 24.kz