Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтіп жатыр

Бүгін Астанада белгілі журналист, медиа сарапшы, коммуникация маманы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшыларына арнайы тренинг өткізді.

Мақсат – баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру.


Тренингтер мен уоркшоптар мемлекеттік мекемелердің коммуникациялық стратегиясын ұйымдастыру, баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастырудың заманауи техникаларын меңгеру сынды бағыттарды қамтыды.


Фото: aqparatqogam