Ұлттық қор – ұрпақ игілігі

Баршаға мәлім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 29 маусымда ҚР Ұлттық қорындағы қаражаттың бір бөлігін қазақстандық балалардың есепшотына аудару жөніндегі тиісті Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни алғашқы жарна аталған жылдың ақпан айында түседі. Жоба қалай жүзеге асады? Қор қаржысынан балалар қанша үлес алады? Жинақтар қандай мақсаттарға жұмсалады? Бүгін Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасында осы сұрақтар жан-жақты талқыланды.

Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев, «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов, ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов. Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...