18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов сот үкіміне қарсы шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің сотталған бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 24 сәуірде 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-тармағы бойынша мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекет жасады, билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Атап айтқанда, іс "аса құпия" мәртебесімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді қалалық сот баспасөз қызметі.