Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

 Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Осылайша Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Рыбакина Римде өткен мастерс турнирінде украиналық Ангелина Калининаны жеңіп, 1 мың рейтингілік ұпайға қол жеткізді. Сондай-ақ 521 754 еуро табыс тапқан.