Ресейде басталған өрт Абай облысының 1100 га жерін шарпыды

Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан "Семей орманы" МОТР аумағындағы орман өртке оранды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 88 бірлік техника (1 өрт пойызы) және 259 адам 56 бірлік техника жұмылдырылған ("Семей Орманы" МОТР 147 адам, ТЖМ 27 бірлік техника және 98 жеке құрам, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, 10 адам, 4 бірлік техника, 4 адам ЖАО). Өрттің таралуының алдын алу үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді.

"Өртті сөндіру жұмыстарының қиындауы қатты екпінді желдің салдарынан өрттің төменнен жоғарыға өтіп, оның тез таралуына әкелуде", -дейді ведомство.