Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару: жаңа ведомство құрылады

 Мәжіліс депутаттары «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын қарауды бастады.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң жобасы және ілеспе заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады, ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайтын болады.  

Және мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға және осы процесте ашықтық пен тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.