Депутаттар Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесін қарауға кірісті

 Мемлекеттік кеңесші Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті. Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді.  Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды»,-деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.