Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр," – деп жазылған хабарламада.

Фото: Ақорда