2024 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады?

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды, деп хабарлайды qazradio.fm.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 57 мың теңге;

Айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 мың теңгені құрайды.

Фото: pixabay