Жарқын болашақ - білімге салынған инвестиция

"Ой-түйін" эфирінде талқыланған тақырып – оқушылар мен колледж студенттеріне арналған «Жарқын болашақ" бағдарламасы.

Бағдарлама Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарының жастарына білім грантын ұсынады. Грант иегерлері өздерінің таңдауы, білімі мен жеке қасиеттеріне негіздей отырып, еліміздің колледждерінде, мектептерінде білім ала алады. Білім алу ақысы, тұратын жатақханасы, барып-келу жолы және шәкіртақы төлемдерінің (56 мың теңге) – барлығы Қор тарапынан төленеді. Шәкіртақы баланың өзінің қажеттілігіне байланысты тамағына, киіміне, жүріп-тұруына жұмсалады.

«Жарқын болашақ» бағдарламасына қаржы бөліп отырған «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры екенін де баса айтқан жөн. Бағдарлама неліктен Маңғыстау жастарына арналғанын эфир барысында спикерлер айтып берді. Хабардың толық нұсқасы сілтемеде тұр.

Спикерлер: "Bilim Foundation" корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмухамбетов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік қызметінің бас менеджері Алдаберген Кемпірбаев, "Жарқын болашақ" бағдарламасының жетекшісі Мейрамбек Закиров.

Хабар жүргізушілері: Азамат Жомартұлы және Жанболат Шәкім.