Балаңыз қай тілде сөйлейді?

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады». Бұл белгілі алаш қайраткері, Ұлт ұстазы Ахмет атамыздың сөзі. Тіл мәселесі бүгінгі қоғам үшін әлі де өзекті. «Тәрбие-тал бесіктен» деп те айтамыз. «Тіл саясатын бала-бақшадан бастау керек» деген пікірді де көп естиміз. Жалпы балаларымызға туған тілін дұрыс насихаттай алып жүрміз бе? Бүгін Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасында осы мәселе қызу талқыланды. Спикерлер: ҚР білім саласының құрметті қызметкері, “INTELLECTUAL “  дамыту академиясының директоры Бижан Құрманғалиқызы, Филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы, “Қара шаңырақ” РҚБ директоры, тарихшы, этнология магистрі Тұрар Сәттарқызы. Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...