Алматыдағы №68-ші мектеп-гимназия ұжымы қазақ радиосының неміс редакциясын 65 жылдығымен құттықтады

Қымбатты Қазақ радиосының неміс тіліндегі “Достық–Көпірі” радиохабарының ұжымы, сіздерді 65 жылдық мерейтойларыңызбен Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №68-ші мектеп-гимназияның атынан құттықтаймын! Біздің мектеп-гимназиямызбен тығыз  байланыста болып, неміс тіліндегі радиохабарларды ұтымды, қызықты және мазмұнды етіп беріп келесіздер. Мектебіміздегі неміс тілі пәнінің ұстаздары осында өтіп жатқан әртүрлі мәдени іс-шараларды оқушыларымыздың білім саласында жеткен жетістіктері жайлы хабарларды үнемі радиоредактор Жандильдина Татьяна Сергазовна жеткізіп, тыңдармандарды өз ісіне адалдығымен тартады, неміс тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. Үкіметтің саясаты мен Халықтар достығы ассамблеясының арқасында тек Қазақстанда тұратын неміс халқы мен осы тілді меңгерген адамдар, ұстаздар, оқушылар осындай неміс тіліндегі хабарларды, әуендерді тыңдау мүмкіндігіне ие болып отыр. Радиохабарларыңыздың толқындары бүкіл әлемге таралып, тек жақсы жаңалықтарға толы болып, қуанышты оқиғалардан хабардар етіп, халық жүрегінде жол таба берсін деп тілеймін. Ешқашан бір орында тұрмай, заман ағымына ілесіп, тіл бірлігін сақтап, нық баса беріңіздер.