Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді

Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді, деп хабарлайды Qazaqstan.tv


Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан. Бұл ерекше көрпе Гиннес рекордтар кітабына енді. «Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті. Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.


Фото: kazpravda.kz