Каирде Сұлтан Бейбарыс туралы кітаптың тұсауы кесілді

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған Каирдегі салтанатты шарада «Sultan Baybars, King of Arabs, non-Arabs and Turks. From the great steppe to the great sea» («Арабтар, араб еместер және түріктердің патшасы – Сұлтан Байбарыс. Ұлы даладан ұлы теңізге дейін») деп аталатын жаңа кітап таныстырылды.

«Жарық көріп жатқан жаңа кітапта сол кездегі тарихи жазбалар мен ескерткіштердегі тасқа басылған құнды деректер жинақталған. Бұл зерттеу «Бейбарыстануға» қосылған үлкен ғылыми еңбек боларына бек сенімдіміз», - деді салтанатты рәсімде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі.

Министр Бейбарыс тұлғасы және мәмлүк тарихы мен мәдениетіне қатысты іргелі зерттеу жұмыстарының қолға алынатындығын атап өтті.