Жас өнерпаздарымыз Мәскеуде бас жүлдені иеленді

Еліміздің жас өнерпаздары Ресей астанасында өткен «Жас толқын» байқауында бас жүлдені иеленді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған өнерлі балалар Мәскеу төрінде марапатталды. 

Халықаралық байқау мүшелері қазақстандық балалардың жоғары кәсібилігі мен ерекше талантын атап өтті. Еліміздің өнерпаздарының басым бөлігі өзгелерден оқ бойы озып, бас жүлде иегері атанды. Қазақстандық балалар Ресей астанасында «Жас толқын» концертін ұсынып, көрерменді тәнті етті. Мәдени шараға Мәскеуде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті оқу орындарында оқып жатқан студенттер шақырылды.