М.Толықбай: Мектепті қайтаруға 2 ай уақыт береміз

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай 250 балаға арналған, жекенің қолына өткен мектептің Алматы облысы Қарсай ауданы Шалқар ауылында орналасқанын айтты.

Ол мектепке соңғы жылдары толығымен капиталды ремонт жасалған. Жаңадан спорт залын салып берген.

"Бұл сұмдық нәрсе ғой, бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберу деген. Сондықтан Алматы облысының әкімі бұл қай әкім тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада қайтарыңыздар, әйтпесе бүкіл фамилияның мен соңына жетемін. 2 ай уақыт береміз", - деді депутат.