2022 жылғы 5 маусымда өткен жалпыхалықтық референдум кезінде Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар керек деп Қазақстан халқы дауыс берді. Соның нәтижесінде Конституцияның 6-бабы 3-тармағы өзгертілді.
ҚР Парламенті Мәжілісі Президент тапсырмасы бойынша Жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске өзгерістер енгізуді қолдап, заң жобасын әзірледі. «Ой-түйін» хабарының бүгінгі саны осы аталған Кодекстегі өзгерістер жайлы.
Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров, "Болашақ" қауымдастығының кеңес мүшесі, BOLASHAQ PETROLEUM CLUB төрағасы, геофизик-ғалым Жәнібек Катренов.
Хабар жүргізушілері: Азамат Жомартұлы және Жанболат Шәкім.