Үндістанда болған теміржол апатының себептері айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv
Үндістанда жүздеген адамның өліміне әкелген пойыз апатына дабыл жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бұл туралы елдің Теміржол министрлігі мәлімдеді. Ал премьер-министр Нарендра Моди трагедияға кінәлі адамдар «қатаң жазаланатынын» ескертті. Одиша штатында жұма күні қос бірдей жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 275 адам қаза тапқан еді. Тағы 1200-дей жолаушы жарақат алған. Бұл – Үндістанда болған ең ауыр теміржол апаты. Пойыздардың Баласор ауданында неліктен соқтығысқаны нақты белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Фото: ria.ru