Үндістанда болған теміржол апатының себептері айтылды

Үндістанда болған теміржол апатының себептері айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv

Үндістанда жүздеген адамның өліміне әкелген пойыз апатына дабыл жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бұл туралы елдің Теміржол министрлігі мәлімдеді. Ал премьер-министр Нарендра Моди трагедияға кінәлі адамдар «қатаң жазаланатынын» ескертті. Одиша штатында жұма күні қос бірдей жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 275 адам қаза тапқан еді. Тағы 1200-дей жолаушы жарақат алған. Бұл – Үндістанда болған ең ауыр теміржол апаты. Пойыздардың Баласор ауданында неліктен соқтығысқаны нақты белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.


Фото: ria.ru