«Kazakhmys energy» компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды

«Kazakhmys energy» компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv

Жезқазған мен Балқаш Жылу энергия орталықтарына жүргізілген тексеру кезінде 600-дей кемшілік анықталып, «Kazakhmys energy» компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды. Екі орталықтың да жабдықтары әбден тозған, көбіне ескіні жөндеумен ғана шектеліп отырған. Ал жаңалау үшін инвестиция құймаған. Бүгінгі күні салынған айыппұлдың 21 млн теңгеден астамы өндрілді.

Фото:   wikiwand.com