Мәжілісмендердің шақыруымен балалар шоколад көрмесіне қатысты

«Respublica» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттары Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін «Шоколандия» көрмесіне шақырды.

Балалар шоколадтың тарихы, оны дайындау тәсілдері туралы көптеген қызықты ақпараттармен танысып, какао жемістерінің қалай өсетінін көрді, сүйікті тәттілерінің әртүрлі түрлерінен дәм татты, шоколад фортепианосында ойнады.

Мәжілісмендермен бірге балалар жалпы салмағы 500 кг-нан асатын көрмеге қойылған түрлі тәттілерді тамашалап, шоколадты 3D-фигураларды бояу бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

«Халықаралық балаларды қорғау күні «Respublica» партиясы барлық өңірлерде көптеген іс-шаралар өткізді. Мысалы, кеше депутаттық фракцияның шақыруымен елордалық NIS мектебінің оқушылары Парламент Мәжілісінде болып, мәжілісмендердің жұмысымен танысып, әңгімелесіп, суретке түсті. Бүгін біз қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының балаларымен кездесу ұйымдастырдық. Біздің бағдарламамыздағы басым бағыттардың бірі балалардың білімі мен саулығыына қатысты. Біз осы бағытта жұмысты жалғастыруға дайынбыз», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Республика» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Нұргүл Тау.

«Respublica» партиясының баспасөз қызметі