Балқашта шатыр астында қалған азаматтың денсаулығы қалыпты

Балқаштағы дауыл кезінде зардап шеккен тұрғынның денсаулығы қазір бір қалыпты, деп хабарлайды Qazaqstan.tv

Құлаған шатыр астында қалған азаматтың миы шайқалып, мойын омыртқасы мен кеуде тұсы жарақаттанған. Дәрігерлер науқасқа барлық көмекті көрсетіпті. Қазір ол қалалық көпсалалы аурухананың травмотология бөлімінде жатыр. Еске салсақ, кеше кешкі сағат 21:00 шамасында күшті дауыл тұрып, көпқабатты тұрғын үйдің бірінің шатырын ұшырған еді. Салдарынан сол маңда көлігінде отырған 1994 жылғы жігіт ауруханаға жеткізілген болатын. Ал құлаған шатыр қирандылары түгел жиналған. Комиссия табиғаттың тосын мінезінен келген шығынды есептеуде.


Фото: Qazaqstan.tv