Қазақстан–Сан-Марино матчын 36 ел тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстан – Сан-Марино матчын әлемнің 36 мемлекеті тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы, "Qazaqstan.tv" ресми телеграм арнасында хабарлады.

Бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі. Ойынды 36 ел тікелей эфирде ұсынады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Мексика, Испания, Франция, Индонезия, Сингапур, Ресей, Түркия сынды мемлекеттер бар.

Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебімен жеңген болатын. Қазақстан – Сан-Марино матчын сағат 20:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре аласыздар.

Комментаторлар: Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә

Онлайн трансляция qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында жүргізіледі.