Назарбаев кеңсесінің жұмысы тоқтайды

Заң аясында Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда қайта құрылымдау процесі жүріп жатыр. Сонда жұмыс істеп жүрген адамдарды басқа жаққа бірліктерін беру, жұмыстан қысқарту дегендей. Кез келген адамды жұмыстан шығару үшін еңбек кодексін сақтауымыз керек. Бұл тек осы жағдайға ғана қатысты емес, кез келген мекемеде қолданылады. Яғни адамдарға алдын ала хабарлама беріледі", - деп түсіндірді министр.

Ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады. Тағы бір бөлігі қысқартылады. Қаржы министрінің айтуынша, енді ондай кеңсе болмайды.

"Назарбаевтың канцеляриясы жалпы заңда көрсетілген аясында ғана жұмыс істейтін болады. Тек қана канцелярия ғана емес, оның аясында жұмыс істеп жатқан кітапхана да бар. Онда құнды дүниелер бар. Оны қандай министрліктің немесе мемлекеттік органның аясына ауыстыру керек, қайта құру керек. (...) Қазір реструктуризация процесі жүріп жатыр ғой. Негізінен жалпы оның заң аясында жұмысы тоқтатылады", - деді қаржы министрі Е.Жамаубаев.