Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
“Модульдік оқыту технологиясы” деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда “толық меңгеру” әдітемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 – жылдары американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады. Қазақстанға да бұл жүйе біртіңдеп еніп келеді. Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасының бүгінгі саны осы, «модульдік оқыту жүйесіне» арналды.
Спикерлер: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебінің профессоры, саяси ғылымдардың кандидаты Дастан Көшербаев, осы академияның Басқару институты директорының орынбасары м.а. Әсемгүл Мұсатаева, Білім беру қызметі,, сапа секторының меңгерушісі Шырын Сисенғалиева. Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...