Жемқорлыққа жол берген қоғамда даму жоқ

Жемқорлық қоғам дерті дегенді жиі естиміз. Дертті емдеу қалай жүріп жатқанын әрбір қазақстандық білуі тиіс. «Ой-түйін» саяси-әлеуметтік ток-шоуы бүгінгі эфирде осы тақырыпты арнайы зерттеп көрді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен ресми өкіл келіп, оң өзгерістер, превентивтік шаралар (алдын алу) туралы мол мағлұмат берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы айтса, «Әділдік жолы» РҚБ Атқарушы директоры қоғамдық бақылау тетігі жайлы мәліметтермен бөлісті. Хабардың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде.
Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов, Әділдік Жолы РҚБ Атқарушы директоры Дидар Смағұлов
Жүргізушілер: Азамат Жомартұлы, Жанболат Шәкім