Димаш Құдайберген Сербияда «Ағайынды Каричтер» сыйлығына ие болды

Димаш Құдайберген Сербияда беделді сыйлықпен марапатталды. Мәдениет және шығармашылық саласындағы үздік жетістіктері үшін Димаш Сербияның «Карич» қоры сыйлығының лауреаты атанды.

Марапаттау рәсімі Белградтағы ұлттық театрда өтті. Бұған дейін мұндай марапатқа Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі актерлар мен спортшылар ие болған. Димаш қор өкілдеріне еңбегін бағалағаны үшін алғысын білдіріп, көрермендерге әлемдік жауһарлардан, қазақтың ұлттық әндерінен шашу шашты. Сербиялықтар қазақ әншісінің талантына тәнті болды.

Фото: dimashnews.com