10 желтоқсанынан бастап пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі іске қосылады

2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі іске қосылады.


Тальгоның төрт пойызы Астанадан Алматы және Шымкент қалаларына кешкі уақытта 20 минут аралықпен қатынайтын болады.


Нұр-Сұлтан 1 вокзалынан бір пойыз:

№10 Астана (Нұр-Сұлтан 1) – Алматы-2 сағат 20:58-де.



Ал Нұрлы жол вокзалынан үш пойыз:


№ 86 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:00-де

№ 4 Астана (Нұрлы Жол) – Алматы-2 сағат 20:20-да

№ 72 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:40-та жөнелтіледі.



Құрметті жолаушылар!


Пойызға отырған кезде пойыздың нөміріне және жөнелту уақытына назар аудару керектігін ескертеміз.


Пойызға отыруға алдын-ала келулеріңізді сұраймыз.


#ҚТЖ