Қазақ радиосының жүргізушісі Альмира Елімсарина мен «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі Жанар Оразымбетова «Amanat» медиа сыйлығын иеленді.
«Amanat» партиясы БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған республикалық байқау қорытындысының нәтижесін жариялады.
Альмира Елімсарина «Аймақ туралы ең үздік материал» номинациясы бойынша, Жанар Оразымбетова «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал» номинациясы бойынша марапатталды.