Жанболат Шәкім «Парламент сөзі» сыйлығын иеленді

«Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі Жанболат Шәкім «Парламент сөзі» сыйлығын иеленді.


Бүгін Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр.  Үміткерлер жеті аталым бойынша сынға түсті.


«Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясын «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Дарын Сағитов, «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясын «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі Жанболат Шәкім жеңіп алды.