Қаржылық мониторинг агенттігі «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаевтың ұсталғанын хабарлады.
Ол өз қызметін пайдаланып, «КЕЗБИ» ЖШС-ның және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі деп күдіктеліп отыр.
Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Өзінің заңсыз әрекеттерімен «КЕЗБИ» ЖШС-ның заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, 1000-нан астам қызметкердің құқығын бұзған.