“Нарық” хабарының бүгінгі саны “Жеке кәсіпкерлік немесе ИП ашу” мәселесіне арналды.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікке бет бұрған кез - келген жан,онлайн ИП ашып,тіркеу алады. Бұл жұмыс процесін едәуір жеңілдетті. Алайда, онлайн ИП ашқан жеке кәсіпкерлер жарты жылда бір төленетін салықпен басқа әлеуметтік төлемдерді шатастыруы рас, - дейді хабарға қатысқан спикер Ұлмекен Сарманова. Өз сөзінде ол: “Көп адамдар ИП ашып,жабуы қиын деген оймен жүреді, бірақ, уақытында салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеп отырса,ешқандай қиындық жоқ. Жалпы, ИП-ның пайдасы мен кемшілік тұстары бар ма? Ашқан кезде салықпен басқа төлемдерді неге жиі шатастырып жатады,осы мәселеге қатысты айтарым бар. Негізі ИП-ның берер пайдасы бар,тек ізденіп,қаржылық сауатты ашу керек”- дейді студия қонағы.
Хабарды эфиге дайындап,жүргізген жүргізушісі - редакторы Ләззат Тиышбекқызы.
Бағдарламаның аудионұсқасын радионың сайтынан тыңдай аласыздар.
Сілтемесі төменде.