Астанада «Журналистер» аллеясы ашылды

Бүгін Елордамыздың 25 жылдығына орай  «Журналистер» алаңқайы ашылды. Аллея Егемен Қазақстан көшесі бойында Абай мен Кенесары көшелерінің ортасында орналасқан. Қасында «Қаламгер» аллеясы, қара шаңырақ «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы бар.

Аталған аллея – қолына қалам ұстаған тілші қауымының, телерадио мамандарының  жалпы БАҚ қызметкерлерінің басын қосатын, ортақ жетістіктерімізді атап өтуге, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ. Онда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне «Оқырман» мүсіні жəне тілші мен оператордың арнайы ескерткіші орналастырылған.



Сурет авторы: Ерлан Омар