20 жылда бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге аспады – Тоқаев

ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жоба жүзеге асырылмады. Бұл туралы Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына айтты.

“Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асырылмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы.

Осыған байланысты Үкіметтер басшыларының кеңесіне бірлескен Инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды тапсыруды және осы маңызды жоба бойынша ұсыныстар айтуды ұсынамын. Әлемдегі қаржы институттарының үздік тәжірибелерін меңгерген “Астана” халықаралық қаржы орталығы ШЫҰ-ның аймақтық жобаларына тікелей және портфельді инвестиция құюды ынталандыру үшін тиімді платформа бола алады”
, - деді Мемлекет басшысы