Мемлекет басышысы өзінің былтырғы халыққа жолдауында үкіметке синтетикалық есірткі мен оның таралуына жол бермеу үшін нақты міндеттер жүктеді. Осыған байланысты 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Бұл мәселе бірнеше бағытта шешіледі: денсаулық сақтау органдары нашақорлықтың әлеуметтік маңызы бар дерт ретінде профилактикасын, полиция - нашақорлықтың алдын алуды, білім беру ұйымдары - өмірлік дағдыларды қалыптастыруды, жасөспірімдер мен студенттерді тәрбиелеуді жүзеге асырады. Бүгін Қазақ радиосының «Ой-түйін» ток-шоуын «Нашақорлыққа жол жоқ» деген тақырыпқа арналды.
Спикерлер: Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызы, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мониторинг бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Оразалы Құдабаев.
Толығырақ эфирдің аудио нұсқасында...