Астана туралы әндер жинағы жарық көрді

Бүгін «Elorda aqparat» медиахолдингінде Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» ән жинағының таныстырылымы өтті.

Ән жинаққа елорда жайлы 32 шығарма нота және мәтіндермен енгізілген. Шараға осы аттас республикалық байқауда топ жарып, кітапқа әндері енген авторлар бас қосты.