«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Байқауға мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған кәсіби журналистер, телевизия және радио, газет, сайт ұжымдары қатыса алады.

Конкурсқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 10 қазанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, сайттарда жарық көрген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдар қабылданады.


Бас жүлде - 1 миллион теңге.


Дереккөз: Qazaqstan.tv