«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі бүгіннен бастап кинотеатрдан көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм бүгіннен бастап еліміздің Kinopark кинотеатрлар желісінен көрсетіледі.

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды.