«Қазақстан» шахтасының жұмысы тоқтатылды

5 кенші қаза тапқан Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында жұмыстар толықтай тоқтатылды.

Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағы хабарлады. Қазіргі уақытта 600-ге жуық жұмысшы басқа шахталарға жұмысқа орналастырылды. Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, адам шығыны болған еді.


Фото: ortalyq.kz