1934 жылдың 10-шы қаңтарында "Қазақ әдебиеті" газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. Маңдайшасында «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!» деген ұраны болған. Сол қағидадан таймай, гезет ұлт мәдениеті мен әдебиетінің, бастысы тілдің қорғаны мен қолдаушысы болып келеді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің шежіресінде шығармашылықтың шыңына шыққан тау тұлғалардың ізі бар. Бұл талай қаламгердің ұстаханасына айналған басылым. Тұңғыш редакторы – Ғабит Мүсірепов. Ал әдебиет әлеміндегі үш бәйтерек Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтер де тап осы гезеттің ақылдастар алқасында болды. Сол 1934 жылдан бері газет елмен бірге жасап келеді.
Фото: qazaquni.kz