Су спортынан қазақстандықтар тұңғыш алтын медальға қол жеткізді

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazsport арнасы хабарлады.

Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. Бүгін синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алды.