Жаңа үкімет. Жаңа міндеттер

Осы аптада ел Үкіметі отставкаға кетіп, министрлер кабинеті жаңадан жасақталды. Жаңа үкіметтің құрамы шамамен 20 пайызға өзгерді. Үкімет басшысын қоспағанда, 4 министр ауысты. Соның екеуі Қаржы және Ұлттық экономика министрлері. Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында ел үкіметі алдына жаңа міндеттер жүктеді. Олар Президент тапсырмаларын орындай ала ма, әрине, бұған уақыт сыншы. Десе де, жаңа бюджеттік, салықтық саясатта қандай іргелі өзгерістер қажет екенін экономист-сарапшы Жангелді Шымшықов айтып берді.

Толық нұсқасы аудиоматериалда. Хабарды дайындап, жүргізген Жанболат Шәкім.