Жыл басынан бері 300-ден астам іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Мәселен, Павлодар облысының кенттерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде павлодарлық тұрғынды атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Данат Бакибаев ұсталды.


Алматы облысында Сабыржан Масахбаев ұсталды. Ол 2023 жылдың аяғында Алматыда топ құрамында бола отырып, Сингапур азаматына шабуыл жасап, 3 млн теңге мен 13 мың АҚШ долларынан астам сомада ақшаны тартып алған. Ұсталған адамның сыбайластары бұрын құрықталған.


Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 200-ден астам адамды анықталды.


Дереккөз: baq.kz

Фото: nur.kz