Алматылық ғалым мұнай шығаратын құрылғы ойлап тапқан

Отандық ғалымдардың ізденісі жыл сайын өндіріске серпін беріп келеді. Мәселен, 2016 жылдан бері Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 289 жоба іске асырылып, 149 өндіріс орны құрылған. Оның ішінде 16 жоба шетелге шыққан. Ғылым комитеттің мәліметінше, ғылымда әйелдердің үлесі 50 пайыздан асады. Арасында ауыр техника саласына қызығатын нәзік жандылар көп.


Солардың бірі - Аяулым Бағдатқызы. Екі жыл бұрын жас ғалымдар арасында өткен ғылыми жобаға қатысып, грант ұтып алған. Нәтижесінде мұнай өндіруге қажет құрылғыны жасаған. Енді оның өндірісте іске асуын күтіп жүр.