Қосылған құн салығы көтерілмейді – Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов қосылған құн салығының өспейтінін мәлім етті. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі керек»,
- деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.