Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы 500 данасы келді

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды.

«Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink жүйесін орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері дайындық жұмыстарын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін жеткізіле бастайды. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді»,-деп жазды министр.


Сондай-ақ ол аталмыш жаңалықтың Мемлекет басшысының шешімінің арқасында жүзеге асып жатқанын мәлім етті.