Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды. 

Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтті. Онда Геннади Головкинның кандидатурасы ұсынылып, мақұлданды.

Боксшы бұл қызметті алдағы төрт жыл көлемінде атқарады. Осыған дейін Тимур Құлыбаев ҰОК президенті болған.